АҚТӨБЕ МЕН ҚАЗАЛЫ АРАСЫНДА ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

Бүгінде Сыр өңірінде теміржол саласында жолаушыларға ыңғайлы болу үшін бірнеше бағытта нақты жобалар іске асуда. Мәселен былтыр ғана облыс орталығындағы Қызылорда теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтсе, Қызылорда — Семей бағытында жаңа вагондар сатып алынып, іске қосылды.

Тағы бір қуанышты жаңалық – Ақтөбе облысымен Қазалы ауданының арасында жаңа жолаушылар пойызы бағыты ашылуда. Бұл пойыз бұрын «Ақтөбе – Шалқар» бағыты бойынша қатынап, енді ұзартылып, Ақтөбеден Қазалыға дейін жолаушыларға қызмет көрсетпек. Бұл бағыттың ашылуы – аудан тарихындағы алғашқы жағдай. Бүгінгі таңда Ақтөбе мен Қазалы арасындағы пойызға халықтың сұранысы жоғары. Сондықтан, жаңа бағыттың пайда болуы аудан тұрғындары үшін өте қолайлы.

Айта кетейік, 6 вагоннан тұратын бұл пойыз Ақтөбе қаласынан 2 сәуір күні жолға шығып, Қазалы теміржол вокзалына 3 сәуір күні келу жоспарланып отыр.Сондай-ақ алдағы уақытта жолаушылар пойызы тақ күндері Қазалы ауданынан Ақтөбе бағытына қарай жүргізілмек.

БӨЛІСУ