«АУЫЛ АМАНАТЫ»: СЕМИНАР ПЛЕНАРЛЫҚ СЕКЦИЯЛАРМЕН ЖАЛҒАСУДА

Сыр өңірінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы туралы Республикалық семинары аясында «Тауарлық несие» мүмкіндіктері және ауылдағы ауылшаруашылық емес бизнестің дамуы тақырыбында панельдік секция отырысы өтті.

Жиынға ҚР Премьер министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов қатысты.

Отырысқа еліміздің барлық аймақтарынан келген кәсіпкерлер «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған жобаларды таныстырып, олардың кәсіпкерлікті дамытуға қосқан артықшылықтарын атап өтті.

Мәселен, жоба аясында несие алған «Бастау» жеке кәсіпкерлігі бройлер балапандарын өсірумен айналысуда. Нәтижесінде, қазіргі таңда бір жарым айда 1.5 млн. теңгеге дейін табыс табуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізілмек.

Секция отырысына онлайн қосылған «Агро сақтандыру» жүйесінің өкілі өсімдік, мал, құс шаруашылығын сақтандыру жайлы жолдармен, оның тиімділігімен бөлісті.

Басқосуда Ералы Лұқпанұлы жобаның тиімді жүзеге асуына ең бірінші кезекте ауыл әкімдері жауапты екенін атап өтті.

Отырыста еліміздің әр аймағынан жиналған кәсіпкерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өзге өңірлердегі әріптестеріне сауал жолдап, пікір алмасты. Айта кетейік, жиын барысында спикерлер ротация тәртібімен ауысып отырады.

БӨЛІСУ