ҮШ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Қызылордалық полицейлер бір күнде тергеуден бой тасалап жүрген 3 күдіктіні құрықтады.

Қызылорда облысында полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 -бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсірді.
Анықталғандай, бұл азамат 2017 жылдың қазан айында есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатында сақтаған. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 30 жастағы күдіктіні Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тағы екі іздеуде жүрген тұлғалар анықталды.Олар автокөлік жымқыру және ұрлық деректерімен іздеуде жүрген күдіктілер.

БӨЛІСУ