АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЕФРОЛОГТАР КОНГРЕСІНІҢ АЛАҢЫНДА БҮЙРЕК АУРУЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ҮЗДІК ПРАКТИКАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астанада Түркі әлемі, Еуропа, АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия мемлекеттерінің жетекші сарапшыларының қатысуымен нефрологтардың, диализ дәрігерлерінің және трансплантологтардың Орталық Азия конгресі өтуде.

Бүйрек ауруы-бүкіл әлем бойынша 750 миллионнан астам адамға әсер ететін жаһандық денсаулық сақтау мәселесі.

🩺«Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер санының популяциядағы жылдам өсуі жоғары мамандандырылған емес, бірақ ауыр әлеуметтік-экономикалық салдары бар жалпы медициналық пәнаралық мәселе. Ғылыми бағдарлама заманауи зерттеулердің кең ауқымын, үздік клиникалық практикаларды, ауруларды басқарудағы халықаралық және тиімді тәсілдерді және бүйректің созылмалы ауруларының даму қарқынын ұсынады», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

Нефрологтар қауымдастығы бүйректің созылмалы ауруын (БСА) ерте анықтау, халықтың бүйрек патологиялары туралы хабардарлығын арттыру шеңберінде МСАК дәрігерлерінің сақтығын арттыру мәселелеріне ерекше мән береді, сонымен қатар скринингтер жүргізудің, анықталған пациенттердің жай-күйін бақылаудың және аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында оларға кешенді терапия көрсетудің өзектілігі артты.

БӨЛІСУ