КЕЛІНІ ЕНЕСІН СОТҚА БЕРДІ

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адам жазаланды. Оған бірнеше тәулікке қамауға алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу тұрғысында жаза тағайындалды, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға дөрекі қылық танытып, келініне балағат сөздер айтып, мазасын алып, отбасы шырқын бұзғаны анықталды. Ол бұған дейін 2024 жылы11 сәуірде осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабы  1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да, еш нәтиже шығармай, құқықбұзушылықты қайталап отыр.

Сотта жәбірленуші Ә. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын айтып, оған жаза қолдануды сұраған.

«Б.-ның құқықбұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар  АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б.-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген», – делінген Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

БӨЛІСУ