ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАР ҚАЛЖАН АХУН КЕСЕНЕСІНДЕ

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында жастар ресурстық орталығы мен Сырдария аудандық тарихи өлкетану музейінің ұйымдастыруымен пробация есебіндегі жастармен Қалжан ахун кесенесіне экскеурсия жасады.

Экскурсияға Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Аппазов Әлихан Шарханұлы және орталық кеңесшілері Сейтжан Нұржан мен Сейілханов Мұхамед қатысты.

Іс-шара барысында Сырдария Тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әкімжан Ержанұлы медрессе тарихымен таныстырып, мол мағлұматтармен бөлісті. «Өткенге құрмет – ұрпаққа міндет» деген ұлағатты сөзді тұмар еткен жастар арнайы Құран оқып, бабамыздың рухына бағыштады.

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

БӨЛІСУ