ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТА!

Тереңөзек кентінде орналасқан стационарлық автомобильді газ құю станцияларындағы газ құюшы азаматтарға (жұмысшыларға) автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ереже талаптары түсіндіріліп, стационарлық автомобильді газ құю станцияларына арналған жадЫнамалар таратылды.

— стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларында аумағында темекi шегуге болмайды және газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллонын толтыруға тыйым салынатындығын;
— өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру телефондарының нөмiрлерi көрсетiлген жазбалардың болуы;
— стационарлық автокөліктерге құю станцияларының аумағы жанғыш қоқыс пен төгiлген мұнай өнiмдерiнен үнемі тазартылуы;
— стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларының аумағы арқылы көлiк құралдарының қозғалысы бiр жақты етiп көзделеді. Бұл ретте кiру және шығу жолы бөлек қамтамасыз етiлетіндігі;
— стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларының аумағына кiру алдында оның аумағында көлiктiң қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргiзушiлер мен жолаушылар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы талаптары бар стендтерінің болуы;
— стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларында алғашқы өрт сөндiру құралдарының болуы;

Сырдария ауданы ТЖБ

БӨЛІСУ