Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері арасында Әдеп мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Шара барысында мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын асыра пайдаланбау, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа жол бермеу және басқа да құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасаудан аулақ болу міндеттері түсіндірілді.
Сондай-ақ, клиентке бағдарлану – яғни мемлекеттік қызметтерді халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне, әуре-сарсаңға салуға жол бермеуге, құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеуге аса мән беру қажеттігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасымен қойылатын талаптар да қалыс қалған жоқ. Сондықтан мемлекеттік қызметті алушылармен – жеке және заңды тұлғалармен, бизнес өкілдерімен байланыс орнатқан кезде аталған әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаларын сақтау аса маңызды екенін айтты. Жиын соңында ұжымдағы моральдік-этикалық ахуалды сараптау үшін сауалнама жүргізілді.