ГРАНТ АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінімдер қабылдау басталады.

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» Business.enbek.kz порталында 1-лек бойынша өтінімдер қабылдау 2024 жылдың мамыр айының 20-31 аралығында басталады.
Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет қана беріледі.
Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Грантқа қатысуға өтінім беруге үміткерлер:
— атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
— көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
— асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
— қоныс аударушылар;
— қандастар;
— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
— мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Егер де аталған санаттың бірі болған жағдайда:
— Жұмыссыз немесе 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы шарт;
— «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;
— порталда тіркелу;
— грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
— бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
— өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

БӨЛІСУ