ЕКІ БАЛА БАЛКОННАН ҚҰЛАП КЕТТІ

Қызылорда қаласында балконнан екі бала құлап кетті.

Ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттың балконынан құлап кетті. Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ еске салады:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; 

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

БӨЛІСУ