«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы «КИЕЛІ МЕКЕН» апталығы аясында Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығы және Бауырластар бейіті ескерткіштерінде әктеу, сырлау, тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аталған акцияға Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы қызметкерлері қатысты. Игі бастамада мәдениет және өнер саласының ардагері Гүлшат Ахметова жастарды туған жерімізді бірге көркейтуге, көгелдандыруға, тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысуға шақырды.