Отбасы — тәрбие көзі, мектеп — оны шыңдаушы. Білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізеді.
Бүгін №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінде «БІЛІМДІ ҰЛТ — БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ» тақырыбында кеңейтілген ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологі, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақпанбетов Марат Асанханұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Бөпежанов Талғат Уәлиханұлы, ата-аналар комитетінің төрағасы Сағындық Тынысбекұлы , мектеп-лицейдің ұстаздары және ата-аналар қатысты.
Жиналысты Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақпанбетов Марат Асанханұлына ашып беріп, ауданда оқу-тәрбие бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы баяндалды. Келесі кезекте аудандық білім бөлімінің бас маманы Бөпежанов Талғат Уәлиханұлы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидті болдырмау мәселелері бойынша ауданда жүргізілген жұмыстар және “Қазақстанның балалар саудасына қарсы іс-қимылы” жобасы бойынша іс-шаралар әзірлегені туралы хабарлама жасады.
«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы қоғамдық бірлестік жұмысымен таныстырды, білім алушылардың тұлғалық қалыптасуында мектеп, мұғалім, ата-ананың ықпалы, жауапкершілігі жайында құнды пікірлер айтты, бала құқығы, білімі, денсаулығы мен қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологі, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы «Бала мен ата-ана арасындағы эмоционалды қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізді.
Шарада «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ҰЛТ БОЛМЫСЫ» тақырыбында көрме қойылды. Сынып жетекшілер мектеп-лицейде «Үштік одақ: мектеп, оқушы, ата-ана арасындағы ынтымақтастық» бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы әзірленген көрмені таныстырды.
Жиын соңында қонақтар мен ата-аналар арасында диалог өрбіді, бүгінгі күнгі өзекті мәселер аясында пікірталас жүрді.Жиналысты қорытындылай келе, мектеп пен ата-аналар бірлесе әрі ынтымақтаса әрекет ету арқылы сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады деген шешімге келді.