Білімнің сарқылмас көзі мектепте десек, Арал ауданының орталығында орналасқан 220, 64 орта мектептері мен 62 мектеп-лицейі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатар, дарындының талантын шыңдар, даналардың түлеп ұшар тұғырына айналғаны шындық.
Орта білім ұйымдарының даму бағдарламасының 2024-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде бекітілген “Бір мектеп-бір жоба” бағытын жүзеге асыруда “Жаңа Медиа & Журналистика Мектебі” бейінді жобасы мен “Мектеп театры” жобасы аясында қойылған ақын Ақберен Елгезектің “Болмаған балалық шақ” кітабының желісінде түсірілген драмалар балалардың шығармашылық қырларын шыңдауға оң әсер етеді.
Ал, 2014 жылы жаңа типтік жобада пайдалануға берілген 64 орта мектебінде басқарманың қолдауымен жүзеге асқан “Жасыл бақ” жобасы аясында жылыжай ашылған болатын.
Қазіргі таңда, мектепішілік “Жасыл сынып” үйірме мүшелері мен арнайы сынып оқушылары жылыжай ішінен түрлі дәмдеуіш шөптері мен көкеністердің өсіп жетілуіне зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жылыжайда 2023 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында қияр, қызанақ, салат жапырағы,ақжелкен, тұрып тәтті бұрыш, қырыққабат және түрлі асханалық дәмдеуіш өсімдіктері сынақ есебінде егілген.
Жылыжай жемістері арқылы мектеп оқушыларын сапалы көкеніспен қамтамасыз ету және білім алушыларды экомәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға бағыттау.
Жарасхан Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейінің бащасында “ИнфоКиоскпен”(мектеп , кесте, мұғалім, сынып, жаңалықтар) мектеетегі оқу үдерісінғ шолу, ұлдар шеберханасында ұлдар арнайы құрылғыларда ағаштарды ою, күйдіру және бұйым жасау тәсілін көрсетсе, қыздар шеберханасында ас мәзірін әзірлеу тақырыбында қазиқи дастархан мәзіріннің үлгісін көрсетті.
Заман талабына сай роботехника үйірмесінің жұмысымен таныстырып, 4 оқушы робот құрастыру, 4-оқушы бағдарламасын жазу, 4-оқушы дайын роботтар жарысын, СТЕМ кабинетіндегі жаратылыстану бағыттындағы пәндердін жасалатын тәжірибелерімен таңыстырды. Сонымен қатар, 3Д көзілдірік бейнетаспасын , физика-Оптика құрлысын зерттеу , биология-Арал суының Рh құрамын анықтау анықтау, химия-ертінділер индикатормен анықтау тәжірбелерін, деректор базасын құру, қуыршақтар театры қойылымы, жылыжайлардағы зертханалық жұмыс “Жасыл мектеп” жобасы аясында жылжайдағы өсімдіктер , жемістер туралы және зерттеу жұмыстарын көрсетуі саладағы жаңашцлдыққа бет бұрыстың дәлелі.
Өткен жылы 2 жеке балабақша ашылып пайдалануға берілді (Жіңішкеқұм елді мекенінен 25 орындық, Қамыстыбас елді мекенінен 130 орындық). 3-6 жас аралығындағы балалардың барлығы 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған. 2023 жылы 7 мектеп (№281 Райым, №77 Құланды,№73 Аманөткел, №230 Жіңішкеқұм, №13 Арал қаласы, №231 Сексеуіл, №19 Жақсықылыш) ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті.
Биылғы жылы Ауданымыздың 300 орындық 4 «Жайлы меткептің» құрылыстары жүреді. Оның екеуі Арал қаласынан салынса, Сексеуіл мен Жақсықылыш кенттерінен заманауи білім ордасы бой көтереді. Мұнан бөлек Жалаңаш ауылынан да жаңа оқу орнының құрылысы басталса, Қамыстыбас ауылындағы мектепке қосымша жапсаржай салынатын болады.