CITYU-МЕН ҚОС БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

Министр Саясат Нұрбектің CityU Гонконг қалалық университетінің басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу министр С.Нұрбектің Гонконг, САР және ҚХР-ға жұмыс сапары аясында өтті.

Тараптар CityU-мен одан әрі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты тереңдетуді талқылады. Атап айтқанда, қос білім беру бағдарламалары және ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

«Қазақстан үшін бұл жобаның басты міндеті — елдің ғылыми әлеуетін арттыру, тек ғылыми әлеуетті дамыта отырып, біз академиялық білім беруді дамыта аламыз және экономиканың нақты секторының драйвері бола аламыз», — деді Министр С.Нұрбек гонконгтік әріптестеріне.

Кездесу барысында Министр С. Нұрбек CityU кітапханасына қазақстандық жазушылардың, соның ішінде Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың және т.б. қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі кітаптарын, сондай-ақ Қазақстанның табиғаты, туристік көрікті жерлері туралы кітаптарды сыйға тартты. Гонконгтың барлық тұрғындары олармен таныса алады. Бұл кітаптар қазақ халқының мәдениетін, тарихын таныстыруға, ҚР көрікті жерлерімен танысуға, сондай-ақ елдің имиджін шетелде ілгерілетуге ықпал етеді. Сондай-ақ, осы сапар аясында Министр С. Нұрбек гонконгтік ЖОО-да оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.

Satbayev University қазірдің өзінде CityU-мен ынтымақтасады. Бұл Қазақстандағы жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттырудың ауқымды бағдарламасының бір бөлігі. Өткен жылы Satbayev University базасында әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингінде 70-ші орында тұрған Гонконг университетінің CityU филиалын ашу туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Анықтама: Гонконг қалалық Университеті CityU-Гонконгтың Коулун Тонг ауданында орналасқан қоғамдық зерттеу университеті. Университет 1984 жылы құрылды және әлемдік рейтингте 65-ші, бүкіл Азияда 23-ші орында және 100 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. CityU зерттеулер мен инновациялар саласында жетекші орын алады.

БӨЛІСУ