Ұлыстың ұлы күні мерекесі Наурызнамаға сәйкес Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күніне орай Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің, облыстық мәдениет, архивтер жэне құжаттама басқармасы, «Анаға тағзым» орталығы және Абылай хан атындағы Nº140 қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен «Отбасы мектеп» жұмысы аясында «Салт пен дәстүр- ұлттық сана негізі» тақырыбында дәстүрлер жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараны қазақ орта мектебінің оқушылары «Ерке сылқым» күйін орындап, ашты. Мұнан соң қазақтың бірнеше салт-дәстүрлері орындалды. Бірінші «Сырғалы қыз» құлақ тесу дәстүрі өтті.
«Шаштын сәні шашбау» шашбау тағу салтанаты көпшілікке көрсетілді.
Халқымыздың ұмыт болған «Шаңырақ тілеулесі» дәстүрі дәріптелді. Бұл дәстүр сыртта жүрген ер баланың аман-есен үйге оралуына жақындарының тілеулес болуды білдіреді.
Көріністер арасында «Беу айдай» халық әнін Әжелер ансамблі, “Сыр толқыны” биін Ай-ару тобы орындады. Мектеп оқушылары да бірнеше концерттік нөмерден мерекелік шашу шашты.
Жәрмеңкеге қатысушылар қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына ықпалы туралы кеңінен айтып тарқатты.