Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында сауда, қызмет көрсету және туризм кеңесі отырысы өтті.
Шара барысында қоғамдық тамақтану, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістік бақылаумен қамтамасыз етпеу, қызметкерлердің гигиеналық оқытудан және медициналық қарап-тексеруден уақытылы өтпеуі, ет өнімдерінің ветеринариялық бақылаудан өткендігін дәлелдейтін құжаттарының болмауы, жуу, дезинфекциялау режимінің сақталмауы сияқты тексеру барысында анықталған кемшіліктер тамақтан улануға әкеп соғатын басты факторлар ретінде атап көрсетілді.
Кеңес отырысында кәсіпкерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірдә, ашық талқылау болды.