«НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі аясындағы «Наурызнама» онкүндігінің екінші күні қайырымдылық шараларымен жалғасты.

Бұған дейін де жалғызбасты қарт кісілердің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, көмек қолын созып жүрген аудандағы белсенді, ерікті жастар бүгін де қайырлы, игі істің жанынан табылды. Аудандық жастар ресурстық орталығы, ерікті жастардан құралған топ «Ардагерлерді ардақтайық» атты шара барысында қарт кісілердің ауласында тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
«Қайырым жасасаң, қайырын өзің көресің» дегендей, игі бастама «Наурыз мейірімі» тақырыбындағы қайырымдылық акциясына ұласты. Акция аясында аудандық орталық «Иманқұл» мешітінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға азық-түлік үлестіріліп, көмек көрсетілді. Сонымен бірге, барлық білім беру орындары бойынша «Қазақстан халқына» қоры арқылы 50 балаға жазғы лагерьге сертификаттар табысталды.

БӨЛІСУ