ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 14 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиевтің төрағалығымен Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырысқа ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының, Қызылорда Облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының және Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары және өкілдері қатысты.
Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының күн тәртібінде
2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж. Жақсылық өз Департаменттерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті мәселелерді атап өтті.
Екінші мәселе бойынша ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы М. Айтхожа Жылжымайтын мүлік объектілерінің «Мекен-жай тіркелім кодын» (РКА) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде орын алған кемшіліктердің салдарын жою туралы баяндама жасады.
Отырысқа қатысушылардың тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс пікірлер білдірілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының шешімімен аталған мәселелер бойынша Департамент тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

БӨЛІСУ