ТӘРБИЕ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Облыстық » Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының жылдық жоспарына сай Жалағаш ауданындағы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінде семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Семинарға барлық аудандардан директордың тәрбие орынбасары мен сынып жетекшілер қатысты.
Семинар барысында ең алдымен қонақтар «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы бойынша көрмемен танысты. «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» атты І бөлімде мектепте жүргізілетін «Оқуға құштар», «Еңбегі адал жас өрен», «Дебат клубы», «Ата-аналар академиясы» жобалары бойынша «библиофреш», «talk like», «пікірталас», тренинг жұмыстарын тамашалап, іс-тәжірибе алмасты. «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» атты ІІ бөлімде сыныппен жүргізілген түрлі тақырыптағы тренингтік, зерттеу сабақтарына, спорттық дода мен танымдық сағаттар көрсетілді. «Құндылықтар – отбасы бағытының негізі» атты ІІІ бөлімде «Даналық мектебі» аясында жүргізілетін «Әкелер, жеңгелер, аталар, әжелермен жүргізілген өнеге сағаты, шеберлік сағаты, танымдық кездесу, дөңгелек үстел шараларына қатысып, өзара пікір алмасты.
Шара соңында «Мектеп театры» жобасы бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Орынтайқызы келген қонақтармен кері байланыс жүргізді. Аудандардан келген қонақтар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Фархат Лиясұлы облыстық семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, белсенділік танытқан барлық ұстаздарды Құрмет грамотасымен марапаттады.

БӨЛІСУ