«АЛТЫН ҚАЗЫНА» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №282 мектеп-лицейде «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Көрме-байқауға төмендегі номинациялар бойынша жасалынған жұмыстар қойылды.
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау;
7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар.
Номинация бойынша бұйымдар бағаланып, марапатталды.
Жас ұрпақты өз еліміздің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге, тілін, өнерін, салт-дәстүрін сүйетін өнерлі оқушыларымызға оң бағыт, нұсқау беру-біздің міндетіміз.

БӨЛІСУ