Халықаралық ITB Berlin 2024 туристік көрмесі аясында Шығыс Қазақстан облысының «Катонқарағай аймағын тұрақты дамыту» қоғамдық қоры «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» аталымында 3-орын жеңіп алды. Қоғамдық қор «Өркендеуші қоғамдастықтар» категориясында жеңіске жеткен болатын.
«Катонқарағай ұлттық саябағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген және Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының басым экоөңірлерінің бірі. Жергілікті кәсіпкерлер Серік Толықпаев пен Қайрат Ахмедтің бастамасымен арнайы қор құрылып, Катонқарағай тұрақты даму стратегиясы бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бұл жұмыс әлемдік сарапшылар қауымдастығымен атап өтілгені бізді жігерлендіреді. Қазақстанның әрбір ауыл аймағының тұрақты даму жолына түсуге мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Ол үшін ауданды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы мен оны жүзеге асыруда қоғамның, бизнестің және мемлекеттің бірлескен күш-жігері қажет», — деді қордың атқарушы директоры Серік Жүнісов.
Әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі ITB Berlin 2024-ке 5-7 наурыз күндері Қазақстаннан Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, туризм индустриясының және Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан және Жетісу облысы әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Биылғы стенд дизайны 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған. Туризм саласы өкілдерінің бұл іс-шараға қатысуы келісімшарттар жасасуға, бар серіктестіктерді нығайтуға және Қазақстанға жаңа туристерді тартуға тамаша мүмкіндік береді.
Internationale Tourismus-Börse Berlin жыл сайын 180 елден 10 000-нан аса экспоненттерді және 160 000-нан астам келушілерді қарсы алады. Соның ішінде 113 500 туризм саласының мамандар мен 10 000-нан аса ірі әлеуетті сатып алушылардың басын қосты.
Өңiрiмiзде бүгінгі күні басым туристік аумақтар Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары. Оның iшiнде Арал ауданынан Барсакелмес қорығы, «Ыстык су» шипалы бұлағы, құмды шөл төбелері, Қамыстыбас демалыс аймағын айта кеткен жөн.
Сала мамандарының берген ақпаратына сүйенсек, 2021 жылы өңiрiмiзге 94346 турист келген. Бұл көрсеткiш 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан көрінеді. Сондай-ақ, туристер өңірдегі Байқоңыр кешенi, Қорқыт ата мемориалдық кешенi, Қамбаш демалыс аймағы, Ханқожа көлiне, және «Жаңақорған» шипажайына көптеп барған.
Жалпы, туризмді дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес. Десе де, Сыр еліне арнайылап ат басын бұрып, тарихи жерлерге тамсанып жүрген туристер бірлі-жарым болмаса, ағылып келіп жатқан адам жоқтың қасы. Ал, алысқа бармай-ақ, көрші жатқан Түркістан облысын мысалға алсақ, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне, Арыстан баб кесенесіне, Орта Азияда ең үлкен үңгір саналатын Ақмешіт үңігіріне, Гаухар ана мен Домалақ ана кесенелеріне күнделікті туристер үздіксіз барады. Тарихына қызығып арнайы баратын туристердің саны күнде мыңнан асып жығылады. Ал, сенбі-жексенбі күндері келушілер саны екі есеге артады.
Біздің облыста тарихи қалалар мен орындардан кенде емес. Сыр елінде де көпшілік тәу етер қасиетті орындар да жетерлік.