Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оған қарасты мекеме қызметшілеріне құқықтық семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуы мен оларды көтермелеу мәселелері және мемлекетттік қызметшілерге қарастырылған қашықтықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы консультациялық кеңестер көрсетілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну туралы Әдеп кодексіне енгізілген толықтырулар бойынша түсіндірімелер берілді.
Бұдан бөлек, семинар барысында осы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге бастау алған іріктеу туралы атап өтіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.