АЛҒАШ РЕТ ҒАЛЫМ-ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТҰҢҒЫШ ӘЙЕЛ-АКАДЕМИГІ НАИЛЯ БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында салтанатты іс-шара өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші ғалым – әйелдер қатысты.

Ғалым әйелдермен кездесу офлайн/онлайн форматында өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жылдар бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, дәстүр бойынша осы мереке аясында нәзік жандардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтуді қамтиды.

А. Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екендігін және ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын атап өтті.

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы салтанатты жағдайда Құрмет грамоталарымен марапатталған ғалым-әйелдердің еңбегін бағалап, отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.

Өңірді алсақ,  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 27 ғылыми жоба орындалуда. Оның ішінде 17-сі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылған гранттық жобаға жатады. Ал, су тапшылығы және су мәселесі бойынша 1 жоба жүзеге асса, әртараптық ұйымдардың тапсырысымен келісім шарт негізінде 4 жоба жүріп жатыр. Сонымен қатар, университеттің екі ғалымы халықаралық жобаларға қатысуда. Осы ғылыми жобалардың жалпы жетекшілерінің саны 24 болса, оның 7-еуі, яғни, 30 пайызы нәзік жанды ғалымдарды құрайды. Айта кету керек, бұл ғылыми жобаларды орындау үшін университеттің 170 ғалымы тартылды. Ал, ол жобалардағы әйелдердің саны — 88. Жалпы, біз ғылым-білім саласында жүрген азаматтарды ер, әйел деп бөлмейміз. Десе де, статистикалық мәліметке көз жүгірткенде ғылымда әйелдердің үлесінің мол екенін байқалады.

Ғылыми жобаларға міндетті түрде білім алушылар да қатысады. Мұндағы мақсат — университет студенттерін ғылымға баулу, жас шәкірттерді тәрбиелеу. Олар сол жобалар арқылы өз зерттеулерін бастап, әрі қарай үлкен ғылым жолына бет бұрады. Ал, бұл білім алушылардың 62 пайызы әйел адамдардан тұрады.

БӨЛІСУ