Бүгін басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы “Samruk-Kazyna Construction” АҚ-ның Қызылордадағы өкілдерімен аймақтағы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерге қойылатын жиһаз бен жабдықтарға байланысты жиын өткізді.
Жиында басқарма басшысы сапалы білім беру үшін ең бірінші баланы жайлы ортамен қамтамасыз ету керектігін, сәйкесінше ел Президентімен берілген тапсырмалардың жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз ету басты міндет екендігін атап айтты. Мұнымен бірге, өңіріміздегі салынатын 12 300 орындық 21 мектепке бөлінген қаржының барлық талапта сай, мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болатындығын ескертті.
Биыл “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 6 900 орындық 10 мектеп бой көтеруде. Ал, 2025 жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаның ерекшелігіне келсек, бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқитын болады. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары бар.
Сондай-ақ бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік нысандары орнатылады, заманауи физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттермен қамтамасыз етіледі.
Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар мен “ауыз су фонтандары” қойылады. Әр қабатта оқушыларға арналған тынығу алаңдары болады. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін қажетті жағдай жасалады.
“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында облыста салынатын мектептерді сапалы жабдықтау үшін қолданыстағы стандарттар шеңберінде егжей-тегжейлі сипаттамасы бар жиһаз өнімдерінің ең ыңғайлы, қауіпсіз, практикалық және эргономикалық үлгілері, яғни технологиялық жабдықтар мен жиһаздардың техникалық сипаттамаларының барлық стандарттарға сәйкес жүргізілетін болады.