Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №212 мектеп-гимназия базасында қалалық «Мерген ару – 2024» байқауы өтті.
Оқушылар спорттың 7 түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, «Пневматикалық мылтықтан №8 нысананы 10м қашықтықтан ату», «Plink» жылдамдыққа нысана ату», «АК-74 оқу қаруының оқжатарын 30 патронмен жарақтау», Норматив №4А «Жалпы әскери қорғаныс жинағын плащ түрінде кию», Арқада жатып кеудені көтеру, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, Алғашқы медициналық көмек көрету сайыстары бойынша өзара мықтыны анықтады.
Әскери-қолданбалы жарыстың мақсаты мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт жарыстары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сайыс келесі кезеңдердең тұрды:
Шалқалап жатып денені көтеру
АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеп жинақтау
АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау
Пневматикалық винтовкасынан нысанаға ату
Жалпы қорғаныш толымын плащ түрінде кию
Пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату
Әскерилендірілген эстафета.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Шалқалап жатып денені көтеру бойынша:
І орын- Тұрғанбай М #101 мектеп
ІІ орын- Ғабит #101 мектеп
ІІІ орын- Сермаханова #6 мектеп
АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау сайысы:
І орын-Нұрмағанбет С #2 мектеп
ІІ орын- Тұрғанбай М #101 мектеп
ІІІ орын- Сугурбаева А #12 мектеп
АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау бағдарламасы бойынша:
І орын- Сермаханова К #6 мектеп
ІІ орын- Шілдебаева А #211 мектеп
ІІІ орын-Нұрмағанбет С #2 мектеп
Жалпы қорғаныш толымын плащ түрінде кию бойынша:
І орын- Жунусова А #217 мектеп
ІІ орын- Амангелді Ғ Дарын мектебі
ІІІ орын- Досай Б #222 мектеп
Пневматикалық винтовкасынан ату бағдарламасы:
І орын-Сугурбаева А #12 мектеп
ІІ орын-Амангелді Ғ Дарын мектебі
ІІІ орын-Тұрғанбай М #101 мектеп
Пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату сайысы бойынша:
І орын- Бахитқали А #212 мектеп
ІІ орын- Қанатқызы Н #235 мектеп
ІІІ орын- Болатқызы Ж Дарын мектебі
Сайыстың қорытынды бөлімінде орын алған жеңімпаз командалар мен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға қалалық білім бөлімінің арнайы дипломдармен марапатталды.
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар:
1. Нұрмағанбет С #2 мектеп
2. Сермаханова К #6 мектеп
3. Сугурбаева А #12 мектеп
4. Тұрғанбай М #101 мектеп
5. Амангелді Ғ Дарын мектебі.
Жеңіске жеткен оқушыларды құттықтаймыз!!!