ҚЫЗ ЗОРЛАДЫ ДЕП КҮДІККЕ ІЛІНГЕН ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ СОТЫ БАСТАЛДЫ

Қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

«Талдықорған қалалық сотында ҚР ҚК-ның 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айыпталып отырған күдікті К-ге қатысты қылмыстық істі қарау басталды («адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау»). Процесс жабық режимде өтеді», — деп хабарлады Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

БӨЛІСУ