Жүргізуші жауапкершілігі көңіл көншітер емес. Тәртіпке бағынбау, заңды ескермеу жағдайлары осы сөзімізге дәлел. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары да орын алып, қайғылы жағдайлар азамай отыр.
Мәселен. Қызылордада жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы бір аптада 1040 құқық бұзушылық анықталды. «102» арнасына 856 хабарлама келіп түскен.
Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 309 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 92 жүргізуші, 600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) 100 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша 41 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластау) бойынша 54 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. Бұл бағыттағы жұмыстар мен құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.