ХИДЖАП ПА,КИМЕШЕК ПЕ?

“Қазақ қоғамындағы аналар келбеті” тақырыбында әжелер мектебінің отырысы өтті.

Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде өткен жиынға ҚМДБ “Әйел-қыздар” секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы және ақ жаулықты аналарымыз қатысты. Қоғамда әже,аналардың киімдеріне қатысты әр алуан пікір бар. Бұл шараға қатысқандар сол дауға нүкте қойғысы келгендей. Кимешекпен, ақ жаулықты дәріптеп, ұлттық киімдерімізді насихаттады десек болғандай.

Шарада ислам және дәстүр құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгі қоғам қалыптастырудағы аналар институтының үлесі жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ қазақ әйелінің келбеті туралы насихат айтылып, мағыналы видеороликтер көрсетілді.

БӨЛІСУ