ШЕШЕНДЕР ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ҰМЫТҚАН ЖОҚ

Қызылордада «Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен шешендер мен ингуштерді депортациялаудың 80 жылдығына орай қасиетті жұма күні қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен шешен этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.
Қайырымдылық аясында қала тазалығымен айналысатын қызметкерлер мен белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды уақытша болуына арналған бейімдеу орталығындағы 100-ге жуық жандарға ыстық ас таратылды.
Шешен-ингуш этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Лайла Пашаева және бірлестіктің белсенді мүшесі Юсуп Саидов депортация кезеңін бастан өткерген әр отбасында сол жылдардағы қиыншылықтар мен оны жеңудің өзіндік тарихына, жергілікті тұрғындардың көмегі мен қолдауы туралы айтып өтті. Қонақжай қазақ халқына көптеген жылы сөздерін арнады.

“1944 жылдың 23 ақпанында қыстың суық күнінде шешен халқының жер аударылуы басталды. Менің ата-анам солардың қатарында болды. 1941 жылы әкемнің әкесі әскерге алынды, онда ол хабар-ошарсыз кетті. Ал анасы сегіз баласы бар, бәрімен бірге пулемет астына, машиналарға, содан кейін мал тасымалдайтын және туған жерлерінен шалғайға айдалды.
Қазақ тілін де, орыс тілін де білмеу біздің халқымызға қиын болды, шешендер баяу жергілікті халықтың өміріне еніп кетті.
Қазақ халқы бірінші кезде байланысқа шықпады, тамақты табалдырыққа қойып, бізден жасырынды – бұл менің анамның сөзінен. Себебі, өкімет оларға шешендермен сөйлесуге тыйым салды.
Бірақ мұндай тыйымға қарамастан, қонақжай қазақ халқы шешендерге көмек қолын созды. Сол үшін мен барша қазақ халқының алдында басымды иемін,”-деді Лайла Пашаева.

Өз кезегінде қамқорлық көрген жандар шешен этномәдени бірлестігінің өкілдеріне ақ тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, Шешендер мен ингуштарды депортациялау 1944 жылы 23 ақпанда басталды. Қазақстанға келген Кавказдың жер аударылған халықтары тек қазақ халқының бауырластық көмегінің арқасында ғана аман қалды. Олар өмір сүріп қана қоймай, тілі мен мәдениетін сақтап қалды, мұнда өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты, қазіргі қазақстандық қоғамда лайықты орын алды.

БӨЛІСУ