Қызылорда облысында «Көктем — 2024» республикалық командалық-штабтық оқу–жаттығуы басталды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау іс-қимылдарына азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпан күні «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың облыстық кезеңі Жалағаш ауданы Ақсу ауылында ұйымдастырылуда.
Оқу-жаттығу барысында жергілікті уақытпен 08.00-де «Дабыл-1001» сигналы түсті.
«Көктем-2024» РКШОЖ-ның республикалық штабына 08 сағат 05 минутта хабарлама жіберілді.
Жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдай аймағы бойынша төтенше жағдай және оның салдарын жою бойынша тәуліктік штаб жұмысы ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының азаматтық қорғау және төтенше жағдай қызметтерінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді.
Қызылорда облысы ТЖД