ТАҒЫ БІР ӘЙЕЛ КІСІ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

 Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірді деген күдік бар.

Астанада тағы бір әйелдің өмірі қайғылы аяқталды. 23 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер әйелдің пышақ жарақатынан көз жұмғанын анықтаған. Полицияның мәліметінше, күдікті — марқұмның бұрынғы күйеуі.
Ер адам жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу басталды.
Ең алаңдататыны — әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты полиция күдіктінің полиция қызметкері емес екенін арнайы мәлімдеуге мәжбүр болды.
Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

БӨЛІСУ