Жаңақорған ауданында Құрылтай сайлауы күні тұрғындардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру мақсатында сайлау учаскелері маңында түрлі спорттық жарыстар өтуде.
Тұрғындар қол күресі, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен бақ сынап, өздерінің ептілігі мен күшін көрсетуде. Жарыстарға жастармен қатар ауыл тұрғындары да белсене қатысып, тартысты бәсеке қалыптастыруда.
Әсіресе ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық жоғары. Асық ату мен қол күрес сайыстарында қатысушылар шеберліктерін сынаса, арқан тарту жарысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлауда.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, сайлау күні ұйымдастырылған мұндай шаралар жастардың белсенділігін арттырып, ауылдағы бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындар арасындағы бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Сайлау мен спортты ұштастырған шаралар Жаңақорғандағы сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлауда.