САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ-МӘДЕНИ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Арал аудандағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындар үшін спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылуда.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шаралар барысында қазақтың дәстүрлі ойындары ойнатылып, түрлі мәдени бағдарламалар ұсынылуда. Дауыс беруге келген тұрғындар шараларға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізуде.

Әсіресе ұлттық ойындарға жастармен қатар аға буын өкілдері де қызығушылық танытып, белсенділік көрсетуде.

Сайлау күнін спорт пен ұлттық мәдениетті ұштастырған мұндай шаралар тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлап, қоғамдық белсенділікті арттыра түсті.

БӨЛІСУ