ҚАН ТАПСЫРУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

Қан доноры болу – біреудің өміріне араша түсіп, үміт сыйлау деген сөз. Бүгінде түрлі төтенше жағдайлар мен күрделі операциялар кезінде донор қанына сұраныс жоғары. Осындай сәттерде донорлардың қолдауы талай жанға өмір сыйлайды.

Осыған орай Қызылорда қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Ана мен балаға өмір сыйлайық!» атты қан донорлық акциясына белсене қатысты. Игі шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету және қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, кент және ауылдық округі әкімдері аппараттарының қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырып, сауапты іске өз үлестерін қосты.

Мамандардың айтуынша, бір адамның тапсырған қаны бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай қайырымдылық шараларының маңызы зор.

Қайырымдылық пен жанашырлықты ту еткен шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

БӨЛІСУ