Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Мемлекет басшыларына еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың мүмкіндіктері таныстырылды.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы жөнінде баяндады.
Кездесу барысында Astana Smart City жобасы да таныстырылып, цифрлық технологияларды дамыту бағытындағы бастамалар сөз болды. Қазақстан мен Түркия арасындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бұл қадам жасанды интеллект саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.