Шиелі ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары кең көлемде жүзеге асырылуда.
Бүгінде кент орталығында әрлеу, сырлау-бояу, гүл отырғызу, ағаш көшеттерін егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар жол жиектері тазартылып, арық-атыздар жүйеге келтіріліп, саябақтар мен демалыс орындары ретке келтірілуде. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді.
Игі бастама тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етуде. Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мен өңір келбетін жақсарту ісінде бұл акцияның маңызы зор.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, кең ауқымда іске асырыла бермек.