Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев бастаған делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия облыс орталығындағы көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдерін негізгі көтерме сату орны болып табылатын «Сұлтан», «Сұлтан-2» және «Айтбек» ірі сауда нысандарына мониторинг жүргізді.
Басты мақсат — азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және өнімсіз делдалдарды анықтау.
Мониторинг барысында көтерме жеткізушілерге қажетті құжаттардың болуы мен сауда тәртібін сақтау талаптары түсіндірілді.
Кәсіпкерлерге тауарды делдалсыз, тікелей өндірушілерден алу ұсынылып, әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін (15%-дан асырмау) сақтау және бағалардың сөрелерде нақты көрсетілуі ескертілді.
Сонымен қатар, сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен жол қауіпсіздігінің сақталуы тексерілді.
Жалпы, бұл сауда орындарында 60 жуық кәсіпкер сауда қызметін көрсетеді.
Комиссияның мобильді тобы бағаны негізсіз өсіруді болдырмау және делдалдар санын қысқарту бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратын болады.