ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ ТАРИФІ ӨСТІ

Қызылорда облысында ауыз су қызметінің тарифі өзгерді. Тиісті шешімді облыстық мәслихат қабылдап, жаңа баға 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.

Жаңартылған тарифке сәйкес:

 Су есептегіші (счетчик) орнатылған тұрғындар үшін 1 текше метр судың құны 30 теңгеден 70 теңгеге дейін өсті.

 Ал су есептегіші жоқ тұтынушылар үшін тариф 40 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді.

Мамандардың айтуынша, тарифтің өсуі су жүйелерін жаңғырту, инфрақұрылымды жақсарту және қызмет сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Айта кетейік, жаңа өзгерістер тұрғындардың су тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және есептегіш құралдарын орнатуға ынталандырады.

БӨЛІСУ