Президент өте маңызды әлеуметтік әділет мәселені көтеріп көтерді. Бұл ұсыныстың мәні бір сөйлеммен айтқанда: адамды үйінен сотсыз қуып шығуға тыйым салу.
Қазіргі Конституцияда меншік құқығы қорғалғанымен, тәжірибеде азаматтар түрлі әкімшілік шешімдермен, банктік, коммуналдық немесе даулы жағдайларда сотқа жеткізбей-ақ баспанасынан айырылып жатады. Ұсынылып отырған толықтыру осы олқылықты жабады.
Бұл норма:
- тұрғын үйді нарықтық актив емес, әлеуметтік құндылық ретінде мойындайды;
- әлсіз топтарды (көпбалалы, жалғызбасты, қарызға батқан азаматтарды) құқықтық тұрғыда қорғайды;
- мемлекеттің «тыңдайтын ғана емес, қорғайтын» мемлекет болуға бет алғанын көрсетеді.
Сондықтан бұл түзету – жай техникалық өзгеріс емес, жаңа Конституцияның адамға, қадір-қасиетке және әлеуметтік жауапкершілікке негізделген сипатын айқындайтын принципті қадам.
Қысқасы, баспана тағдыры сотта шешілуі тиіс. Ал сотсыз шешім – әділетсіздік.