Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан көтерілетін басты мәселердің бірі — жарықтандыру бағыты бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, демеушілік есебінен қаламыздың 8 көшесіне түнгі көше жарық шамдары орнатылды.
Бұл жұмыстар түнгі уақытта көше қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етіп, жол-көлік қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.
Айта кетерлігі, бұдан бөлек биылғы жоспар бойынша шаһарымыздың 32 көшесі жарықтандырылған болатын.
Сонымен бірге, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен жоба құны 506,5 млн.теңге болатын Жақсықылыш кентіндегі
3 көшенің (1,5 шқ), Қаратерең елді мекеніндегі 3 көшенің (1,53 шқ ) және Қосжар елді мекеніндегі 1 көшенің автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізіліп, асфальт жабындысы толықтай төселсе, Сексеуіл кентіндегі 5 көшенің (4,03 шқ) автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Арал-Жалаңаш(39-52; 52-62 шқ)»бағытындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүруде.
«Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы арқылы өткен жылы бастау алған жоба құны 1,6млрд.теңге болатын Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесінің автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына ағымдағы жылы
976,1 млн.теңге бөлінді.
Сондай-ақ, 2024 жылы басталған(жоба құны 489,3 млн.теңге болатын) Арал қаласындағы 7 көшенің(К. Өтенов,М. Мәметова, Т.Бөріқұлақов, А.Төлегенұлы, М.Дулатов, К.Сәрсенбаев, Қ.Сәтбаев) автомобиль жолының құрылысына биыл 202,5 млн.теңге. бөлініп, тиісті жұмыстар жалғасуда.