Қарашаның 27 жұлдызында Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжінде Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өз жалғасын тапты.
Шара барысында студенттерге тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру бағытында маңызды мәліметтер ұсынылып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді.
Іс-шараға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Асель Сайлауқызы, облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Алтаева Арай, Қызылорда ҚПБ-ның отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы Серікқызы Арайлым, сондай-ақ, «Ана үйі» қоғамдық қорының басшысы Жүсіпбаева Дина қатысып, гендерлік зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу және жастардың құқықтық-психологиялық мәдениетін көтеру бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.