Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов «AMANAT» партиясының аудандық филиалында кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудан әкімі қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, бірқатар сұрақтар сол жерде жауапты сала басшыларының қатысуымен қаралды. Ал жекелеген өтініштер тиісті мекемелерге жолданып, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі