ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Гендерлік саясат — қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл —  қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті — отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.

Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» атты заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Гендерлік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.

«Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» отырысы өткізілді.

Отырыста төрт мәселе қаралды:
1. Оқу-тәрбие процесінде, білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды насихаттау, тәрбиесі қиын оқушыларға психологиялық-құқықтық кеңес беру және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
2. Қыз-келіншектер арасында спорттық сайыстар ұйымдастыру және қыз балаларды спорттық үйірмелермен қамту бағытында атқарылған шаралар туралы.
3. Ана мен баланың жай-күйі, қала тұрғындарын скринигтен өткізу, жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы.
4. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен әйелдер мен балаларды қорғау және қолдау көрсету мақсатында атқарылған шаралар мен алға қойылған нақты міндеттер туралы.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті мекемелер мен дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ