ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

“Қыс-2025” командалық-штабтық оқу-жаттығудың өткізілуі талқыланды.

2025 жылы 20-21 қарашада Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде “Қыс-2025” командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жөнінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Мадияр Мырзагелдиевтің төрағалығымен жиын өткізілді.
Жиынға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйелерінің басшылары қатысты.
Жиында оқу-жаттығуға қатысатын күш-құралдардың атқаратын іс-қимылдары пысықталды. Сонымен бірге оқу-жаттығудың өткізілуі барысында орындалатын іс-қимылдар бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.

Қызылорда облысы ТЖД

БӨЛІСУ