ОЙЫН АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТТЫ

Биыл шаһарымызда қала тұрғындарының дене шынықтыруы мен спортпен шұғылдануына арналған спорт және ойын алаңдарының қатары толығуда.

Ж. Таушанов көшесінің бойына заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен әртүрлі спорт құрылғыларымен жабдықталған жаңа балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек биыл қаламызда 2 шағын футбол алаңы пайдалануға беріліп, 1 балалар ойын алаңы салынуда.

БӨЛІСУ