Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы «ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ» республикалық патриоттық энциклопедиясына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлайды.
«Құрметті еңбек азаматы» республикалық энциклопедиясының мақсаты: тәуелсіздік жылдарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен, азаматтық ұстанымымен елеулі үлес қосып жүрген тұлғалардың еңбегінРеспубликалық деңгейде қоғамға кеңінен насихаттау, олардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, еңбек пен адалдықтың құндылықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеру.
Республикалық энциклопедияға енгізілетін тұлғалар:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.
Энциклопедияға өтінім беру шарттары:
Қатысушы өтініш кестесін толтырып, өзі жайлы жазылған көлемі 2 беттен аспайтын өмірбаянын (14 кегль, Times New Roman қарпімен терілген, үлгі 2 бетте) жолдауы қажет. Өмірбаянда жеткен жетістіктері мен атқарған еңбектері толық көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, кітапқа шығаратын сапалы 4–5 дана фотосуретін қоса жіберуіқажет, оның ішінде 1 фотосурет жеке фото-сурет болуы шарт (энциклопедиясының басты мұқабасына арналған). Энциклопедияның басты мұқабасына қатысушының жеке суреті қойылады.
Құжаттар as********@**il.ru электронды почтасынанемесе +7 707 950 53 98 WhatsApp номеріне қабылданады2025 жылдың қараша айының 3-не дейін қабылданады.
«ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК АЗАМАТЫ» энциклопедиясының салтанатты тұсау кесер рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Іс-шараға елімізге белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, пофессор ғалымдар қатысады.
Іс-шара барысында қатысушыларға табысталады:
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: as********@**il.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
+7 707 950 53 98, +7 747 702 52 62, +7 778 742 74 40