РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЖЫЛ ҮЗДІГІ — 2025» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!  

Іс-шараның мақсаты:

Еліміздің әр саласында абыроймен еңбек етіп, кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігі арқылы зор беделге ие болған мамандарды қоғамда кеңінен насихаттау. Жеке үлгісімен өзгеге жол көрсетіп жүрген, өз ісінің нағыз шебері саналатын азаматтардың еңбегін бағалау және жас буынды еңбекке, кәсібилікке, адалдық пен әділетке баулуға

ықпал ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

✓ Білім және ғылым саласының мамандары;
✓ ҚР Маслихат депутаттары;
✓ Медицина саласының мамандары;
✓ Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
✓ Әдебиет— көркем өнер саласының мамандары;
✓ Кәсіпкерлер; есепшілер;
✓ Қоғам қайраткерлері;
✓ Ауыл-шаруашылық мамандары;
✓ Энергетика саласының мамандары;
✓ Ақпарат саласының мамандары;
✓ Заң саласының қызметкерлері;
✓ Әскери қызметкерлер;
✓ Экономистер;
✓ Мұнай және газ кен орындарын игеру саласыныңмамандары;
✓ Әлеуметтік қызметкерлер;
✓ Дарынды жастар;
✓ Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетикасаласының мамандары;
✓ Мемлекеттік қызметкерлер;
✓ Құрылыс саласының мамандары;

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып, өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған), сапалы 3х4 суретін, өтініш кестесін, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) жіберуітиіс.

Құжаттар el*******@**il.ru  электронды почтасынанемесе +7 707 410 1324 WhatsApp номеріне 2025 жылдың қараша айының 3—не дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарына:

• Арнайы тағайындалған «ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2025» атты төсбелгісі;
• «ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2025» статуэткасы;
• Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік;
• Құрмет грамотасы;
• Қатысушыға  қолдау   көрсеткені   үшін  мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласындаконференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан статуэтка мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы:

+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, 8—71-72-44-34-50

БӨЛІСУ