Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімдеді.
“Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды” деген Бас прокуратураның ресми ақпаратында.
Қайрат Пернешұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Парламент Сенатының депутаты қызметтерін атқарған.
