ТАҒЗЫМ ЕТУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен 29 тамыз күні «Невада – Семей» қозғалысының зардабын жоюға қатысып, құрбан болған азаматтарды еске алу мақсатында Шиелі кентіндегі Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан “Тағзым алаңында” гүл қою рәсімі өтті.
Шараға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, «Невада — Семей» қозғалысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналған қауым «Невада — Семей» қозғалысының зардаптарынан құрбан болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Невада — Семей» қозғалысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды.
Қазақстанның қуат қорғаны — бірлігінде. Сыр елінің бірлігі, тіршілік тірлігі отан қуатына арналады. Еліміз тыныш болсын, тек бейбіт күнмен тыныстасын!

БӨЛІСУ