«Келешек мектептері» – ел ертеңіне салынған инвестиция.
Жаңақорған ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы пайдалануға берілді.
Аудан орталығында – 600 орындық,
Жаңарық ауылында – 300 орындық мектеп есігін айқара ашты.
Мектептерде:
– 2 блок, 2 спорт зал, асхана, мәжіліс залы, кітапхана бар;
– 25 оқу кабинеті заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған;
– Зертханалар, робототехника және STEM кабинеттері жұмыс істейді.
Бұл – тек жаңа ғимарат емес, ұрпақтың білімді, жан-жақты болып өсуіне жол ашатын алтын ұя.
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі.
Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған.